«Бұл – шыны емес, гипс» : Динара Сатжан не үшін тәрелке сындырғанын айтып ақталды

0
1 979

«Динара, жұрттың жүйкесін жұқарттың ғой!..»


«Бұл – шыны емес, гипс» : Динара Сатжан не үшін тәрелке сындырғанын айтып ақталды

Продюсер, тележүргізуші Динара Сатжан мейрамханада тәрелке сындырған видеосы туралы жазған едік.

Артынша ол: «Бұл – шыны емес, гипс. Достар! Мен сіздердің пікірлеріңізді оқып, бәрін түсіндіру керек екенін ұғындым. Мұндай дәстүр гректерде бар, ал тәрелкелер гипстан жасалған. Яғни, бұл ысырапшылдық емес, грек халқының дәстүрі.

Мәселен, біздің халқымызға тән дәстүрлер көп. Бәлкім, гректер адыраспанды не үшін түтетінімізді немесе баланың тұсауын кесетінімізді түсінбеуі мүмкін. Әр халықтың өз ұлттық коды бар.

@Opadubai мейрамханасына бірде-бір келушісі зардап шеккен жоқ немесе зардап шекпейді де. Өйткені, бұл гипс», - деп ақталғандай болды.



Ал желідегі оқырмандар «Жарайсың, бірден түсіндірдің», «Біздің грек көршілеріміз үйлену тойында шыны тәрелкені сындырғанын көргенмін», «Кәдімгі тәрелке деп қалдық», «Дәл осы гипстен қайтадан тәрелке жасайды» деген сияқты пікірлерін жазуда.