​«Бұрынғыдай жаны ашымайды»: Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан кешірім сұрады

0
4 759

«Қайта барсам қабылдамайтын сияқты»


​«Бұрынғыдай жаны ашымайды»: Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан кешірім сұрады

Елге «Қойшы бала» деген лақап атпен танылған әнші Айдос Кәден ұстазы Жігер Ауыпбаевтан кеткеніне өкінетінін жеткізді. Бұл туралы жас әнші «Менің өмірім» бағдарламасында жеткізді.


«Жігер ағама артық ештеңе айтқан жоқпын. Әкеме барып, «Әке, мен енді өзім бөлек жұмыс істейін» деп айттым. Болдым, толдым деп ойлап қалғанымды мойындаймын. Әкем Жігер ағаның алдына барып, рұқсатын сұрап, мені алып кетті. Ұстазымнан кеткен соң болмағанымды, толмағанымды білдім ғой. Осы эфирді пайдаланып, Жігер ағамнан, барша халықтан кешірім сұраймын. Енді мұндай қателік жасамайтын шығармын. Бұл маған үлкен сабақ болды.Мен енді Жігер ағаның сенімінен шығып кеттім. Ренжітіп алдым. Енді қайта барсам ол кісі маған бұрынғыдай жаны ашып, еңбек етпейтін сияқты көрінеді», - деді Қойшы бала.


Жас әнші қазір Қанағат Меченбай есімді әншімен шығармашылық байланыс орнатқан көрінеді. Жаңа продюсері Қойшы балаға Жігерден бұрын көзі түскенін айтты.


«Жігер ағаңдан «осылай-осылай деп айтып, кетейік» дедім. «Кешірім сұрайық» деп айттым. Негізі мен бұны бұрыннан білетінмін, бірге жұмыс істеймін деп жоспарлап жүргенде қарбалас жұмыс боп кетті. Сол аралықта Айдостың ауылда ән айтып отырған видеосын көршісі түсіріп, тик-токқа таратып жіберді. Одан кейін Жігер ағамыз барып, бірге жұмыс істеп кетті. Алматыға әкеліп, біраз әнші армандап жүрген сахнаны көрсетті, көп еңбек сіңірді. Оған көп рахмет айтамыз» деді Қанағат Меченбай.


Айта кетейік, ауылда қой бағып жүрген жас баланың ән айтқан видеосын көрген әнші Жігер Ауыпбаев оны іздеп тауып, сахнаға шығарып, бағын жақты. Алайда шәкірті ұстазының сенімін ақтамай, басқа продюсермен жұмыс істеп кеткен.


Бұл туралы Жігер Ауыпбаев: «Ауылдан Алматыға алып келіп, қанатымның астына алып, қаншама талантты іні-қарындастарым армандап жүрген сахналарға жетектеп шығарғанымды қайтейін. Ең өкініштісі, көпшілік көріп куә болып жүрген кішігірім еңбегімді елемегенің. Сенің алар асуларың әлі алда еді, Айдосжан. «Қайта кірер есігіңді қатты жаппа», «Су ішкен құдығыңа түкірме» дейді қазақ. 3 жыл үйімде тұрып, асымды ішіп келіп «тиктоктың» тікелей эфирінде көпшілікке айтып отырған әңгімеңді естіп, көріп, мен ұялып отырмын. Ақылың бар ғой, балақай. Артық әңгімені қоя ғой. Бұл ескерту деп қабылдай ғой. Мен сені інім, шәкіртім ретінде жақсы көремін», - деп айтқан болатын.