"Бұтының арасына қойып...": Төсекте торт жеген Жолдыбаева тағы да сынға ілікті

0
6 243

Кәмшат Жолдыбаева 32 жасқа толды.


«КешYOU» тобының экс-әншісі, актриса, Кәмшат Жолдыбаева тағы да жұрттың назарын өзіне аударды. Үнемі сексуалды суреттерімен жұрттың сынында жүретін апалы-сіңілі Жолдыбаевалардың үлкені 32 жасқа толды.

Бұл жолы жұрт Кәмшатты жартылай жалаңаш, төсекте отырып, әсерлене торт жеген суреті үшін сөккен. Әнші өзін туған күнімен құттықтап, Instagram-парақшасында жариялаған.

Әлеуметтік желі қолданушыларына әншінің төсек үстінде ашық-шашық киіммен отырып торт жегені ұнамаған.

"Басқаша жеу ойыңа келмеді ме?", "Бұйырса оранған суретіңді көрейік", "Қазаққа жат нәрсе мына суретің, ұялсай, тәте", "Ыңғайсыз отырсың", "Бұтының арасына қойып жегені несі" деп жазған олар.

Алайда шоу-бизнес өкілін туған күнімен құттықтап, ізгі тілегін, жылы лебізін жеткізген оқырмандар да жетерлік.

ERNUR.KZ