Шоу концертте зал жанкүйерлерге лық толы болды.
фото: DOSALIEV SULTAN
ERNUR.KZ. Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі аты аңызға айналған Madison Square Garden сахнасындағы жеке концерті аншлаг жинады, деп жазады sputnik.kz.
Ол Америкада жеке концертін берген алғашқы қазақстандық.
"Бұл менің жеке жұлдызды сәтім ғана емес, бүкіл Еуразиялық мәдениет үшін маңызды кезең. Біз планетаның арғы жағындағы мәдени елшілер ретінде әрекет етеміз", - деді Димаш жергілікті баспасөзге берген сұхбатында.
Концерт бағдарламасында әлемге танымал композициялар орындалды. Әншінің өзі көрермендерді вокалдық техникамен ғана емес, жаңа дыбыспен де таң қалдыруға тырысты. Stranger әнінде қазақ қобызы мен Хаузердің виолончель партиясы пайдаланылды.
Димаш үшін бұл Нью-Йорктегі екінші үлкен концерт — ол алғаш рет 2019 жылы Арнау туры аясында өнер көрсеткен болатын.
Нью-Йорктегі концерт 2022 жылы Алматыда басталған үлкен турдың бір бөлігі болды. Содан бері бағдарлама үнемі толықтырылып отырады.
Айта кетері, Madison Square Garden әлемдегі ең беделді сахналардың бірі болып саналады. Онда Майкл Джексон, Элвис Пресли, Бейонсе, Андреа Бочелли және Битлз өнер көрсеткен.