​«Дүние төңкеріліп, қайта қалпына келгендей»: Қайрат Нұртас қамаудан босап шықты

0
3 784

«15 күнде 18 той «отмен болды»


​«Дүние төңкеріліп, қайта қалпына келгендей»: Қайрат Нұртас қамаудан босап шықты

Ұшақта досымен төбелесіп, 15 тәулікке қамауға алынған эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас бостандыққа шықты. Өнер иесін күтіп алуға Алматыдан Шымкентке атанасы, туыс-бауырлары арнайы барған.


«Осы себепке байланысты 15 күнде 18 тойын «отмена» жасағанбыз ғой. Қаншама концерттерге билет алынған, той иелерінің біразы Қайраттың бос күніне туралап қойған ғой. Қазір ойлап отырмын да, күлейін бе, жылайын ба деп. Кейбіреулерге түсіндіру қиын ше, бәрі менің қолымда сияқты, «Гүлзира апай, енді біз не істейміз, тойымыз не болады? Біздің тойға келсін де, сосын қайта бара салсыншы» дегендер болды. Санаулы сәттерден кейін баламмен қауышатын боламын. Барша ана атаулыға тілерім, көз жастарыңыз тек қуаныштан тұрсын! Түс көрдім, бе, өңім бе, білмеймін, бәрі бұлыңғыр болып, дүние төңкеріліп, қайта қалпына келгендей», - деді Гүлзира Айдарбекова.


Абақтыдан шыққан соң жұлдызды әнші жақындарымен мейрамханаға барып ас ішкен, одан соң ұшақпен Алматыға кеткен. Әншінің інісі ағасының келгенін айтып, парақшасына видео салды.


«15 күн тұңғышының бөлмесінде түнеп шықты. Ана жүрек бөлек екен», - деп жазды Заңғар Нұртас.


Айта кетейік, 5-шілде күні Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалған болатын. Дәл сол күні әншінің ісіне қатысты сот отырысы өтті. Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа жеңіл келтіргені үшін кінәлі деп танылған еді.