«Екеуінің арасына әжем түсті»: Зарина Омарова ата-анасының ажырасқан сәтін еске алды

0
3 926

«Анам Марат Омаровтың музасы болған»


«Екеуінің арасына әжем түсті»: Зарина Омарова ата-анасының ажырасқан сәтін еске алды

Елге белгілі әнші, композитор Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова алғаш рет ата-анасының қарым-қатынасы, олардың ажырасуына себеп болған жағдайды жайып салды. Ол мұны «Ойбай» подкастында айтып берді.


«Менің анам әкемнің музасы болған. Екеуінің бір-біріне деген махаббаттарынан «Сыңарымсың», «Қыз сыны» деген әндер дүниеге келген. Әкем осы әндердің бәрін менің анама арнап шығарған. Тіпті «Анашым» әнінің сөзін жазарда, кейбір жерін анам шығарған. Бірақ ол кісі автор ретінде көрсетілмеді.


Өкінішке қарай, мен үшінші сыныпта оқып жүргенде екеуі ажырасты. Ол кездерде әкем елге танылып, апталап әнсапарға кететін. Ал мамам үш баламен үйде, ененің қызметінде. Меніңше, ол кісіге сол кездері әкемнің назары, ықыласы жетпеді-ау деймін. Оның үстіне ата-анамның екіге бөлініп кетуіне әжем әжептеуір еңбек сіңірді. Ене болып мамама сөйлейді, мамамның да мінезі бар. Негізі екеуінің мінездері ұқсас. Сол себепті араларында жиі өкпе-реніш, ұрыс-керіс орын алатын. Ондайда папам құлағын қолымен жауып, үйден шығып кететін. Бірақ соңында ол әжемнің көңілін қимай, соның сөзін тыңдап, сүйгенімен ажырасты», - деді Зарина Омарова.


Әнші сондай-ақ өз күйеуімен қарым-қатынасы жайлы да сөз етті.


«Кейде екі-үш күнге гастролдік сапармен кетіп қаламын. Ондайда күйеуім қызғанады, тексереді, тергейді. Меніңше, ондай еркектен ештеңені жасырмай, бәрін дер кезінде айтып отыру керек. «Міне, мен шықтым, қазір қонақүйге барамын, саған видеоқоңыраумен звондаймын» деп бәрін ескертіп, әр қадамыма есеп беремін. Еркекпен әңгімелесу керек, «өзі білсін, өзі неге өйтпейді» деп бір саусағыңды бүгін жүрсең, қарым-қатынасың құрдымға кетеді. Одан гөрі мен сияқты ашық сөйлесу керек. Оны менің күйеуім бағалайды», - деді өнер иесі.