Әнші оқырмандарының сұрағынан мезі болған сияқты.
Танымал әнші Ерке Есмаханның жас жігітпен қарым-қатынасы барын білгелі оқырмандар тек сол туралы сұрап, жеке өмірді жиі қозғайтын болған.
Әрине, тыңдармандарына дөрекілік көрсетпесе де, әнші ара-тұра назын білдіріп қояды.
Әлеуметтік желіде оқырмандарымен сұрақ-жауап орналасқысы келген Ерке Есмаханға олардың көбі АZ туралы сұраған. Олардың біріне әнші "Немене менің жігітімді сұрай берсеңіздер? Қыздар, мен сіздердің жігіттеріңізді сұрап жатырмын ба? Маза бермедіңдер ғой тіпті" деп жауап берген.