​«Іш киіміңнің суреті көрінген жерде жүрмесін десең...»: Ләйлә Сұлтанқызы жас қыздарға ақыл айтты

0
2 190

«Біреу ұсынған бокалдан ештеңе ішпе!»


​«Іш киіміңнің суреті көрінген жерде жүрмесін десең...»: Ләйлә Сұлтанқызы жас қыздарға ақыл айтты


Журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бойжеткен қыздарға ақыл айтты. Бұл туралы ол өзінің «Инстаграмында» жазды.


«Қыздың жолы ғана емес, ғұмыры да жіңішке. Өзінің де, өзгенің де тарапынан сәл «не то» қадам оны үзіп алуы мүмкін. Оған қорған болып, қабілеті қырық жанның көзіндегі отты сөндіріп алмау, қолдау, аялау – азаматтың міндеті. Қыздың бақыты мен тыныштығы – әке, іні, жардың құрметі, жауапкершілігі, сыйластығы» деді Ләйлә.


Журналисит сондай-ақ, жас қыздардың алдағы өміріне пайдасы тиер кеңестерімен бөлісті.


«Әкеңе ұқсайтын жан іздесең, тапқан кезде әкеңдей сыйла! Махаббат – сүйісу мен құшақтасу ғана емес, одан кейінгі әңгіменің жарасуы. Қақпағы ашылған бөтелкенің аузынан, бөтен біреу ұсынған бокалдан ешқашан ештеңе ішпе. Өмірің 180 градусқа өзгеруі мүмкін.


«Іш киіміңнің суреті көрінген жерде жүрмесін десең, араласатын жігітіңе, әлеуметтік желіде ашылып, тым «простушка» болма! Аяғыңды жылы ұста. Ертең аурушаң болып, бала көтере алмасаң, қайын жұртыңа (и не только) сөз боласың.


Уақытың болса, энергияң жетсе, спортпен айналыс. Кейін босанған соң «қарным салбырап кетті» деп ренжімейсің. Сіңлім, тісіңді күт, ақшаңды одан аяма. Есесіне ішің ауырмайды және өзіңе прятно болады. Тырнағың мен шашың үнемі таза болсын. Әйтпесе, болмайтын жерден репутацияңакір келеді. Кірпік пен ерін жасату қиын емес шығар, бірақ қалпына келтіру точно қымбат.


Құқығыңды біл! Өзгенің шекарасына өзің кірме, өз шекараңа рұқсатпен кіргіз. Ортаңды сарала, VIP казашканың да балаларына кейін абыройлы мама, әже керек. Болашақ жарыңды, күйеуіңді, бауырыңды, әкеңді күтуге болады. Бірақ, қаңғыбас жігітіңді кезекті қыдырыстан күтпе!


Тик-токтағы стримді сағаттап көргеннен байымайсың. Оның жаманы жұқпасын десең, өзің тек жақсымен бөліс. 2 сағат подругаңмен өсек айтқанша, 20 ағылшын сөзін жаттасаң, шетелде еркін жүресің. Артық тиыныңа жаңа киім алмай, жинай берсең, өз пәтеріңді аласың» деді Ләйлә Сұлтанқызы.