«Мысқылмен салып, өз-өздерін жұбатып әлек»
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы, әнші Қайрат Нұртасқа қатысты жан тебірентерлік жазба жариялады.
«Пробкамен екі сағат жүріп, баламның концертіне әрең жеттім. «Мамасының баласы» дейтіндер, дей берсін. Өз баламнан өзім «ел не айтады» деп қашанғы қашып, жоламай жүрем?! Арасында осылай еркелетіп, кіріп кеттім» деді әншінің анасы.
Ол сондай-ақ баласының биін сынағандарға да жауап берді.
«Жаным сол, халқыңа қалай еркелеп билейсің, билей түсші, базбіреулер әр қимылыңды «Тик-токқа» түрлі мысқылмен салып, өз-өздерін жұбатып әлек. Мейлі, дегендер дей берсін! Бәрі де өзіңе жарасып тұр. Тура осы болмысыңмен мен сені жақсы көрем! Ұзақ жаса, халқыңның қалаулысы боп сен тұрғанда мен мықтымын, ұлым!» деді Гүлзира Айдарбекова.