​«Хиджаб кимесең жәннатқа кірмейсің»: Алтынай Жорабаеваның келіні орамалын шешіп тастайтын қыздар жайлы айтты

0
9 488

«Түк болмағандай әуреттерін көрсетіп жүре береді»


​«Хиджаб кимесең жәннатқа кірмейсің»: Алтынай Жорабаеваның келіні орамалын шешіп тастайтын қыздар жайлы айтты

Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның келіні, белгілі блогер Аяулым Жорабаева әлеуметтік желіде хиджаб киіп, артынан оны шешіп тастайтын қыз-келіншектер жайлы пікір білдірді.


«Алланың қалауымен хиджаб кигеніме 9 жыл болыпты. Толық дайын болып келдім деп ойлаймын. Өйткені тұрмысқа шыққанда күйеуіме «болашақта орамал тағамын» деп айттым. Орану ойыншық емес, әрі оны өзге жанға тықпалау дұрыс емес. Мен қанша жыл орамалда болсам да, өзгелерге «киіңдер, бүйтіңдер» деп айтқан емеспін. Өйткені мен бәлен жыл діни білім алған ұстаз емеспін. Орамалды әр әйел өз қалауымен, Алла разылығы үшін тағу керек. Өзгенің разылығы үшін тақсаң, бір күні ол тәжіңнен айырылып қалуың мүмкін.


Ешкімді сынауға құқым жоқ, алда өзімді не күтіп тұрғаны бір Аллаға белгілі. Хиджаб –хи (ки), джаб (жап), ғни жабыну, орану деген сөз. Хиджабты тек арабтар ғана емес, барлық әлем мұсылман әйелдері киеді. Арабтану деген сөз сондықтан қате. Мен «киіңдер» деп жатқан жоқпын.


Бұл тема қайдан шықты?.. Оранып, сосын оны шешкен соң қайта әурет жерлерін түк болмағандай көрете салу... соларды көріп жүрегің ауырады екен. Олай ешкімді сынамасын, өте қорқынышты. Орамалды көтеріп жүру оңай емес, өйткені жауапкершілігі көп. Орамалдылар да пенде, оларда да эмоция бар, олар да қателеседі. Періште көкте ғана, жерде періште жоқ», - деді Талғат Жорабаевтың әйелі.


Блогер алғаш рет хиджаб киген кезін есіне алды.


«Күйеуім жұма намазынан келіп, «Жаным, орамалыңды таға берші, бүгін бір ауыр уағыз тыңдадым» деді. «Әйел адам намаз оқып жүріп, орану керегін біле тұра оранбаса, онда жәннаттың өзі түгілі, иісін де аңсамасын» депті. Осы сөз жүрегіме инедей қадалды. Сол мезетте орамалымды тағып шықтым», - деді Аяулым Жорабаева.