"Қолымызға бір тиын да тиген жоқ": Сәкен Майғазиев жала жапқандарды жауапқа тартпақ

0
4 376

"Кейбір адамдар жапқан жаласының, айтқан өсегінің есебінен таудай күнәмнің бір уысы кемісе де АЛЛАға шүкір етем" - дейді әнші.


Әлеуметтік желіде Сәкен Майғазиевке атылған тастар толастар емес. Бірнеше күннің ішінде оның суреттерін түрліше қолданып және ол туралы түрлі әңгімелер де таралып жатыр.

Әншінің жанашырлары мен жанкүйерлері араша түсіп, өздерінің пікірлерін желіде жариялап жатыр. Бүгін Сәкен Майғазиевтің өзі тағы да осы тақырыпта жазба жазып, алдағы уақытта жала жапқандарды жауапқа тартатынын жазды.

Сәкен Майғазиев: "Бір адам бір мұсылман жайында ол жасамағанды жасады деп жала жапса, жалаға ұшыраған адам оны кешіргенге дейін АЛЛАһ тағала оны тозаққа тастайды." Хадис.
"Бюджет бекіткен қаржы әлі бөлінген жоқ, қолымызға бір тиын да тиген жоқ", деп соқырға таяқ ұстатқандай қылып түсіндіріп жатсаң да түсінбейтіндердің көп екені жүрегімді ауыртады. Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып түнімен ұйықтай алмай шығам. Рухымды көтеріп, сенім білдіріп жатқан жандарға АЛЛА тағала бар жақсылықты нәсіп етсін.
"Түлкінің қызылдығы өзіне сор", дегендей, "жасыл" аймақтағы жалғыз қала болған соң назарға ілінуіміз де заңдылық. Әйтпесе, (мен келгенге дейін де) мәдениетке бөлінетін жылдағы қаржы осы.
Сәл сабыр сақтаңыздар. Құзырлы органдар тексеріп, журналистер жіті қадағалап, блогерлер бақылап барлығының ақ-қарасын ажыратып береді.


Ал, жария түрде жер жаhанға жар салып, маған жала жауып, "жемқор", тонады", деп негізсіз, дәлелсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін. Жала жабылып, жапа шеккен пендесі мен ЖАРАТУШЫ арасында перде болмайды (дұғасы қабыл) екен. Қарғыс алмай, алғыс алайық, ардақтыларым.
"Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес", дейді ұлы Абайдың өзі. Кейбір адамдар жапқан жаласының, айтқан өсегінің есебінен таудай күнәмнің бір уысы кемісе де АЛЛАға шүкір етем.
Бүгін Бараат түні. Барша дұға-тілектер қабыл болсын. Құшақтадым!".

Досының бұл жазбасын оқыған әнші Айгүл Елшібаева "СӘКЕШ АЛҒА! "НАДАНДЫҚТЫҢ ШЕГІ ЖОҚ" депті Ләтіп қожа, соған көзім жетті. Өзінің надандығын, имансыздығын, жалқаулығын, бақытсыздығын, ақымақтығын біреуден өш алу арқылы рахаттанатын адамдар бар екен" деп пікір қалдырыпты.

Оған қоса жанкүйерлері де "Сәкен, айналайын бұл инстаграм мен фейсбук көкбеттерге жақсы болды, ойланбай жосады ғой. Сенің адалдығың Аллаға аян, уайымдама", "Сәке бұлда Алланың берген сынағы, сабыр берсін Алла. Сізді өнердегі ең беделді, абыройлы еразамат деп білемін. Алла жар болсын" деген тілектерін білдіруде.