"Көңіл көтерген": Танымал қазақ әншісін полиция ұстап әкетті (видео)

0
3 839

Әнші елде төтенше жағдай режимі енгізілгеніне қарамастан Алматыдағы лаундж-барда көңіл көтерген.


ERNUR.KZ. Танымал қазақ әншісі Арман Қоңырбаевқа төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әртіс түн ортасында Алматының Абай даңғылында орналасқан лаундж-барға барған. Бұл туралы мегаполис полициясы хабарлады.


"Бұл ойын-сауық мекемесі елде төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Бұл бардың есігі айқара ашық тұрмаған: олар тек сенімді клиенттерін ғана кіргізген. Олардың арасында Арман Қоңырбаев та бар болып шықты, ол кінәсін мойындады", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Он адам, оның ішінде мекеме иесі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен, лаундж-барда қамауға алынған тағы екі адамға айыппұл салынды, қалғандары бес күннен 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алынды.


Арман Қоңырбаев – танымал әнші және актер, 2015 жылы жүргізуші, актриса және әнші Аша Матайға (Ақбота Асқарбекова) үйленді. Ерлі-зайыпты екі қыз тәрбиелеп отыр.