«Қуамыз деп өлетін болдық»: Тоқтар Серіков Сәкен Майғазиевтің киім стиліне өз бағасын берді

0
1 017

«Күнде өсетін бензиннің бағасындай»


«Қуамыз деп өлетін болдық»: Тоқтар Серіков Сәкен Майғазиевтің киім стиліне өз бағасын берді

Бағдарлама түсіріліміне барған әнші Тоқтар Серіков әріптесі Сәкен Майғазиевтің киім стиліне өз бағасын берді. Мұны Сәкен Майғазиевтің өзі "Инстаграм" парақшасы арқылы көрсетті.


«Сәкенді мынадай шалбарда өмірі көрмегем ғой, бұты далбаң-далбаң етіп жүріп барады. Қанша тырыссақ та Сәкеннің стиліне жете алмаймыз. Осыны қуамыз деп өлетін болдық. Күнде өсетін бензиннің бағасы сияқты болды бұл» деді Тоқтар Серіков.


Әншінің бұл әзіліне тыңдармандары да өз пікірін білдірді. «Ай, Тоқтар, әзілің күшті», «Сәкен деген жігіттердің серісі ғой», «Киімі бір төбе, қазақи нақышты үйлестіріп ән салу жаңалығын эстрадамызға алып келген алғашқы вокалист десем шатаспаймын-ау», «Тоқтар, өзің де жарасымды киінесің», «Сәнін берсін Сәкеннің» деп жазды көпшілік.