«Күйеуім менен ұялды»: Зарина Омарова жеке басындағы қиындығымен бөлісті

0
1 609

«Таңға дейін жылап шықтым»


«Күйеуім менен ұялды»: Зарина Омарова жеке басындағы қиындығымен бөлісті

Белгілі эстрада әншісі Зарина Омарова «Айтарым бар» бағдарламасында бала күтіміне байланысты декретте отырған кезінде 95 кг-ға толғанын, ол үшін күйеуінің ұялғанын айтты.


«95 кг толдым. Декретте үйде ыдыс-аяқ жуып тұрып, теледидардан әріптестерімді көріп, жылағым келетін. Әйел үшін ол деградация. Өзіңе-өзің риза болмайсың. Неге өз-өзімді тастап кеттім деп өзімді мүжи беретінмін.

Қазір қыз-келіншектер «Ақша жоқ, сіз сияқты атағым жоқ» деп айтады.

Ең бастысы, ниет болсын. Ютубта бәрі тұр. Қара да, жаттыға бер», - деп кеңесін де айта кетті Зарина Омарова.


Бүгінде өнер иесі сұлу сымбат пен әдемі мүсінге ие. Ол өзінің қалай арықтағанын айтты.

«Күйеуім екеуміз үлкен отырысқа бардық. Ол маған «Ең қымбат көйлек ал» деді. «Мен қандай көйлек алсам да, маған дұрыс тұрмайды», - дедім. Содан бір қара көйлекті алып, киіп бардым. Ол отырыста кіл әдемі, сымбатты әйелдердің ішінде ең үлкені мен болдым. Сол сәтте күйеуімнің менен ұялып тұрған көзқарасы мен «Ана жаққа барып отыра берші» деген сөзі мені «өлтірді» десем де болады. Сол түні «Қалай арықтаймын?» деп таңға дейін жылап шықтым. Ертесіне бірден фитнеске абонемент алдым. Көп ойланып, ағзаға керіс әсер тимес үшін бәрін жақсылап ұғып алдым. Сөйтіп, диетаға отырдым. Тек буланған, майсыз-тұзсыз тамақты 5 рет жейтінмін. Сыртқа шықсам да алып шығамын. Осылайша 6-7 айда 57 кг болдым», - деді бар құпиясын жайып салған әнші.