​«Күйеуім перзентханада, бөпемізге өзі қарап жатыр»: Ерке Есмахан көпшілікке алғыс айтты

0
2 051

«Мен оған ұл, ол маған гүл сыйлады»


​«Күйеуім перзентханада, бөпемізге өзі қарап жатыр»: Ерке Есмахан көпшілікке алғыс айтты

Екінші ұлын дүниеге әкеліп, перзентханада жатқан Ерке Есмахан «Инстаграм» парақшасы арқылы ақ тілегін жаудырған тыңдармандарына алғысын айтты.


«Сәлем, Қазақ елі! Алдарыңызда Райымбектің жан жары, екі ұлдың анасы – Ерке Есмахан. Аллаға сансыз шүкір. Біздің жанұямыздағы үлкен қуанышпен құттықтаған әрбір жанға шын жүрегімізден алғысымызды айтамыз. Жылы лебіздеріңізге рахмет. Сіздерге де жұғысты болсын. Шаңырақтарыңызда іңгәлаған сәбидің дауысы естілсін. Барлық арман-тілектеріңіз орындалсын. Бақытты болыңыздар!


Әні мен бейнебаяны бар бөпетай аман-есен дүниеге келді. Осы күнге де жеттік-ау. Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткізіп жатырмыз. Әрине, тәтті күндер мен ұйқысыз түндерде қалыс қалар емес. Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз, Аллаға шүкір, керемет. Бір-екі күнде үйімізге қайтамыз» деп жазды ол.


Ерке толғағының қалай басталғанын да жасырмай, айтып берді.


«22-қарашада сезгендей заттарымды жинастырып, бір түрлі болып, суретке түсіп, стористар салып жүрдім. Естеріңізде ме? Сезімім алдамады. Содан қызықтың бәрі басталды ғой. Түнгі 03:47-де Алланың қалауымен Райымбекұлы келді. Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі. Мен күйеуіме ұл сыйладым. Ол маған гүл сыйлады. Қазір бөпені еркелетіп, қасына ешкімді жолатпай, көтеріп қолға үйретіп жүр. Қызықтар алда, бұйытса өзі көре жатар» деді Ерке Есмахан.