ҚҰРАЛАЙ ханым 8-наурыз мерекесіне орай, КӨЙЛЕКТЕРІН ұтысқа қойды

0
4 239

Құралай ханымға оқырман арасынан «Ұят қой киген көйлегіңізді берген...», «Жомарт болсаң тегін бер, жарысқа салмай», «біреудің киген кимін кім киеді?..» дегендері де бар...


ҚҰРАЛАЙ ханым 8-наурыз мерекесіне орай, КӨЙЛЕКТЕРІН ұтысқа қойды

8-наурыз халықаралаық әйелдер мейрамының қарсаңында, меркеге орай киім дүкендерінде түрлі жеңілдіктер беріліп жатса, ал психолог-теренер Құралай ханым арнайы конкурс ұйымдастырып, бірнеше көйлегін ұтысқа қойды.


Көйлектерінің суреті мен конкурс жайлы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады.


kuralay_hanum: Қымбатты келіншектер!

8 наурыз әйелдер мерекесіне орай, өз атымнан қазақ келіндеріне оншақты көйлегімді сыйлағым келіп тұр. Конкурсқа қатысып, көйлек ұтып алу үшін, ене туралы эссе жазу керек.

Қазақстан дизайнерлері арнайы тіккен көйлектерімді келіндерге «жамандығым өзіме, жақсылығым сіздерге жұғысты болсын» деп конкурс ұйымдастырып, жеңімпаздарға сыйға таратпақшымын.

«ҚҰРАЛАЙДЫҢ КӨЙЛЕКТЕРІН ҰТЫП АЛУ ҮШІН» деп конкурстың шарттарын да жазды.


Енесі туралы эсе жазған келіндер қатары көп болды. Кейбір келіндер осы конкурстың арқасында бақилық боп кеткен енелерінің жақсы жақтарын еске алса, тұрмысқа шықпаған қыздар болашақ енелерін көз алдарына елестетті. Бір қызығы, эссе жазған келіндердің барлығыдерлік енесін мақтады.


Сонымен қатар:

«Сіздің көйлегіңіз маған сыймайды», «Көйлек алу мақсатында жазатын келіндер де бар, жоқ емес тіпті жетерлік. Ал өзім Аллаға шүкір енемді қатты жақсы көремін, бірақ көйлек керек емес», «Қайын апа, кайын сіңілі дегендер оқып қойса... бір көйлек үшін... шаштан айырылар, сосын жүреміз бəріміз жабылып: кім парикке конкурс жариялайды екен деп...», «Менің тақырыбым емес екен. Айналып өте салайын»... дегендер де бар.


Құрметті оқырман! 8-наурыз мейрамына орай, сіз қандай қызықты конкурс ұйымдастырмақшысыз? Ойыңызбен бөлісе отырыңыз.


Фото: kuralay_hanum

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

«МАҚТАНШАҚ... кедейлерге мақтанғаныңыз ба?»: көпшілік Қайрат Нұртастың ӘКЕСІН сынға алды (ВИДЕО)

Сержанәлі Әлібек Ақботаға НЕГЕ қызыға ҚАРАЙДЫ? (видео)