​«Құралайдан ақыл сұрағанша, Құран оқып, Алладан неге сұрамайсыңдар?!»

0
5 033

Көпке белгілі Құралай ханым өзін сынағандарға қарсы пікір айтты.


​«Құралайдан ақыл сұрағанша, Құран оқып, Алладан неге сұрамайсыңдар?!»

Қазақ әйелдерінің қателік жасамауын, бақытты өмірге қол жеткізуін қалайтын Құралай ханым өзінің парақшасында «Құралайдан ақыл сұрағанша, Құран оқып, Алладан неге сұрамайсыңдар?!» дегендерге жауап қатып, «бір тәтелерді» арнап жазба қалдырды.

«Сіздер сияқты ақылды болып туа салмаған соң, құран-хатисті оқи сала әр әрпін түсіне қалып өмірде қолданып, күшті өмір сүре алмадық. Сондаймыз енді» деп инстаграм парақшасында жазған ол өз өмірінен бірнеше мысал да келтіре кетті.


Оның жазбасын көпшілік қолдап әкетіп, Құралай ханымға ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар, «Мықтысыз, қазақта Сіздей озат қыз жоқ. Айтатын тәтелер айта берсін» деген сынды пікірлер көп айтылған.

Арасында «Ақымақтардың ақшасын жиып жүрген қалай өзі? Артық кетсем кешіріңіз, бірақ мына жүрісіңіз дұрыс деп ойлайсыз-ау. Шариғатты неге ұстанбасқа?!» деген сынды кері көзқарастағы пікірлерде айтылды.

ERNUR.KZ