Ол Ораза айт мерекесіне орай әнші Бүркіттің шаңырағында қонақ болды.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Белгілі әнші Мақпал Жүнісова өнердегі інісі Бүркіттің аяғы ауыр әйелі Айша Жансейітоваға гауһар алқа сыйлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Мақпал Жүнісова Ораза айт мерекесіне орай әнші Бүркіттің шаңырағында қонақ болды.
«Өзімнің жақсы көретін алқам бар еді, гауһардан жасалған. Сол алқамды саған сыйлағым келеді. Қазақша оюмен әрленген. Менің көзімдей етіп тағып жүр. Мұндай менде көп қой. Оның бәрінен үй қалаймын ба? Жақсы көретін адамдарыма таратып жатырмын», - дейді Мақпал Жүнісова.
Видеода сол сияқты Бүркіттің анасына қамзол кигізіп жатқанын байқауға болады.
Әншінің дастарханында Мақпал Жүнісовадан бөлек Сая Медеуов, Мұқасан Шахзадаев бас қосты.