Ол сахнада ізгі ниетін білдірді.
Фото: Instagram/m_besbaev
ERNUR.KZ. Белгілі әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров 50 жасқа толып, Астанада жеке шығармашылық концертін өткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Мерекелік кеште өнер иесінің шығармашылығына құрмет білдірген әріптестері ән орындап, арнайы сыйлықтарын тарту етті.
Солардың арасында Мейрамбек Беспаевтың Досымжан Таңатаровқа арнайы домбыра сыйлаған сәті өнер сүйер қауымның қошеметіне ие болды.
«Құтты болсын. Сен бір рудың емес, Алаштың аяулы азаматына айналдың. Досым, мен соған қуанамын. Осы елдің саған деген махаббаты мәңгілік болсын. Сенімен мақтанайық, қуанайық», – деді Мейрамбек Беспаев.