​«Мен өлтірген жоқпын»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің өлімі жайлы шындықты айтты

0
3 591

«Қолым қан болса, бұлай жүрмес едім»


​«Мен өлтірген жоқпын»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің өлімі жайлы шындықты айтты

Қазақстанның Халық Әртісі, әнші Мақпал Жүнісова жеке шығармашылық концертінде Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты бар шындықты жайып салды.


«Зәкеңнің өліміне қатысты шындықты күтіп келе жатырмыз, күтіп келе жатырмыз. Біресе «анау өлтірді», біресе «мынау өлтірді» деп айтып жатыр. Ең соңыңда әйтеуір «Мақпал өлтірді» деп шықпаса болды. Туғаны, балалары «Мақпал өлтіру мүмкін» деп, сондай әңгіме таратып жатқан көрінеді. Оны да есітіп жатырмыз, құрметті ағайын!


Алла бар ғой төбеде, қолымыз қан болса, бүйтіп жүрмес едік. Зәкең де ондай азамат емес қой, «Мақпал, бері келіп, мені үш рет ата сал» дейтіндей емес. Сондықтан да, «Сол күні қайда болдыңыз?», «Неге ол қайда болғанын айтпайды?» деп жатқан көрінеді. Құрметті Қайрат Нұрқаділов, қайтыс болған күні мен үйде болдым! Мен сізге халықтың алдында жауап берейін. Оны Зәкеңнің шопыры да, бәрі біледі. Бірақ ол кісіні екінші үйде атып кеткен» деп әнші көпшіліктің көзінше күйінішін жеткізді.


Оқиға болған күні әнші күйеуін атқан үйге барғанын айтты.


"Шамамен 7:15-те атып кеткен, себебі мен 6:40-та сөйлескенмін. "Мына үйге жолама, ана үйге қайт" деп балконнан айқайлады. "Зәке, неге есікті ашпайсың?" дедім. Оны кейін түсіндік қой, ана үйде қырылыс боп жатқан екен сол кезде. Кірмесін деп айтқанын сонда түсіндім. Бірақ оны біраз адамдар басқаша келтіріп жүр екен. Ашатын болсаңдар, дұрыстап ашыңдар. Бұрыс әңгіме таратудың қажеті жоқ" деді Мақпал Жүнісова.


Әншінің тыңдармандары бұл мәлімдемеге байланысты өз ойларын білдірді. «Қайтсін енді, ащы шындық ішіне сыймай барады», «Коцертте айтқаны ерсі болды, аруақты шулатқаны дұрыс емес», «Осылай деп Мақпалға күйе жағатындар Құдайдан қалай қорықпайды екен», «шыдамның да шегі болады, жаны күйіп айтып отыр», «Заманбек аға тірі болса елдің жағдайы басқаша боп кетер еді, әттең», «Өткенді қазбаламай, осы күйінде қалдыру керек қой, кетер адам кетті, енді бірін-бірі кіналағаннан не табады?» деп жазды көпшілік.