«Менен жасы кіші болды»: Әнші Зарина Омарова Илья Ильинмен болған махаббаты жайлы айтты

0
10 319

«Зарина – алғашқы ғашығым еді»


«Менен жасы кіші болды»: Әнші Зарина Омарова Илья Ильинмен болған махаббаты жайлы айтты

Спорттың ауыр атлетика түрінен еліміздің мақтанышы, зілтемірші Илья Ильин әнші Зарина Омарованың алғашқы махаббаты болғанын мойындады. Бұл туралы спортшы «Алғашқы» бағдарламасында мәлімдеді.


«Зарина менің алғашқы махаббатым болды. Біз екеуміз пойызда таныстық. Бір топ спортшымен кетіп бара жатқанбыз, жаспыз, бәріміздің жалындап тұрған кезіміз. Заринаның нөмірін алып үлгердім, сөйтіп екі жаққа кеттік. Досыма «Мына қыз маған ұнап қалған сияқты» дедім. Ол жарқырап тұрған жұлдыз ғой. Танымал әнші.


Бірер күннен кейін оған телефон соқтым. Жағдайын сұрадым, кездесуге шақырдым. Ол келісіп, кездесуге келді. Солай басталды бәрі. Оның жеке көлігі болатын. Менің баратын жерім жаттығу залы, жатақхана... Үш-төрт ай араластық қой деймін. Ол жауапсыз махаббат болды. Менің алғашқы ғашығым болған соң қатты уайымдадым. Кейін күресуден пайда таппасымды біліп, өз жөніме кеттім», - деді Илья.


Бұл ақпаратты әншінің өзі де растады. Ол спортшымен кездесуден жас айырмашылығы үшін бас тартқан екен.


«Он жеті жасында ол өзінің командасымен пойызбен Алматыға келе жатқан екен. Мен де сол вагонмен гастрольдік сапардан қайтқан едім. Телефондарымызды алмасып, кейін кездестік. Біздің махаббатымыз ұзаққа созылмады. Өйткені сол кездері жасы кіші жігітпен қарым-қатынас құру дұрыс емес деп есептелетін. Ильяның өзі маған «сен менің алғашқы махаббатымсың» деп ашығын айтты. Кейін мен одан алшақтай бастағанда «Осыдан қарап тұр, мені әлі теледидардан көресің, чемпион боламын» деп айтып кеткен», - деді Зарина Омарова.