​«Мені тастап кетпегенің үшін»: желіде күйеуіне тоқал сыйлаған әйелдің әрекеті қызу талқыға түсті

0
9 395

«Рощада» жатқанда өте жақсы қараған медсетра қызды лайық көрдім»


​«Мені тастап кетпегенің үшін»: желіде күйеуіне тоқал сыйлаған әйелдің әрекеті қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде түр-тұлғасы белгісіз бір блогердің күйеуінің туған күніне тоқал сыйлаған видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті.


Тұрмысқа шыққанына 10 жыл болған әйел күйеуінің туған күнінде «Отасқанымызға биыл 10 жыл болады екен. Осы тоғыз жылда Аллаға шүкір, біздің басымыздан қандай қиындық келсе де шыдап, мені қолдап, тастап кетпегеніңізге рахмет» деп тілек айтады. Артынша әсемделген үлкен қораппен күйеуіне сыйлығын ұсынады. Ал оның ішінен басына ақ орамал жабылған қыз шыққан.


Туған күніне тоқал алған ер адам таңданысын жасыра алмай, «Мен танитын адам ба мынау, қандай қыз ол? Әке-шешесі бар адам ба? Қалай келісіп, келе салды?» деп сұрайды. Ал әйелі «Мен қатты ауырып, «Рощада» жатқанда маған қараған медсестра қыз ғой. 2000-жылғы қыз. Маған өте жақсы қарады. Өзімен біраз уақыттан бері сөйлесіп жүрмін, көніп, келіп отыр. Мен оны лайықты деп көрдім» деп жауап береді.



Желіде жария болған бұл видеоға белгілі актриса, продюсер Баян Мақсатқызы пікір білдірді. «Қайда бара жатырмыз? Мынадай қараңғылыққа қашан заңмен тыйым салынады?!» деп ашуланды ол.


Кейін белгілі болғандай, бұл видео Шымкент қаласында түсірілген екен. Дана Арапханқызы есімді кондитер-блогер келіншек өз парақшасына «Бұл – пранк» деп жазды.


«Жолдасыма туған күніне не сыйласам екен деп қайнымнан сұрап едім, ол «тәтемде тоқалдан басқаның бәрі бар» деп әзілдеді. Мен бірден «құрысын» дедім. Сосын қайным «женше, онда пранк жасайық» деп қоймады. Ешкім келіспейтін шығар мұндайға деп ойлап едім, «ақшасын беріп, актриса жалдайық, ойнап береді ғой» деді. Қыз таппадық. Қайын сіңлімнің құрбысы мен больницада жатқанда қараған еді, «соған айтып көрші» деп өтіндім. Ол да әзілге жақын қыз еді, небәрі 40 минутта ұйымдастырып, әзілдеген едім. Жолдасым кәдімгідей сеніп қалды» деп жазды ол.