"Мерекені тойлау бұйырмаған екен": Ерке оқырмандарымен өз күйзелісін бөлісті

0
4 852


Танымал Ерке Есмахан көп күткен мерекені ойдағыдай тойлай алмай, үйінде отырған. Оған себеп - әншінің сырқаттанып қалуы. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасына жазды.

"Бүгінгі мейрамды сооонша күтіп едім, тойлау бұйырмаған екен. Ауырып, жылап, үйде жатырмын.
Сүйіктім гүлі мен сыйлығын сыйлады. Оны алып алдым! Басымды көтере алмай жатсам да, ондай кезде тұрып кетесің ғой. Ол әрі қарай ресторанда романтикалық ужин дайындапты, оған бара алмайтынымызды түсініп тағы бір жылап алдым. Сүйтіп осы суретке түсіп, тамақ заказ беріп тойлап жатырмыз. Кештеу система аламын. Сіздерде қалай өтуде?"
деген әнші қыз-келіншектерді де мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.


Әншінің бұл жазюасын оқыған көпшілік оған саулық тілеп, әр тілектерін "AZ" сөзінен бастаған. Мысалы бірі "AZдап ауырып қалдыңыз ба?" десе, енді бірі "AZдау емес пе гүл" дейді.

Қалай дегенмен де оқырмандардың пікірінен Еркені жақсы көретінін және оның сүйіктісімен бақытты болуын тілейтіндердің басым екенін аңғару қиын емес.