«Әншілер бір-бірінен қалмай туған күн істейтін болған ба?!»
Қазақ елінің мақтанышы, эстраданың жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаев 45 жасқа толды. Әнші туған күнін мейрамханада атап өтті. Оның 45 жасын қарсы алуға өнердегі һәм өмірдегі жанашырлары, әріптестері, туған-туыстары жиналып, ақ тілегін арнады. Әлеуметтік желі Мейрамбек Беспаевты құттықтаған жазбаларға толды.
Тойдағы ерекше сыйлықтарға тоқталар болсақ, «Мұзарттың» солисі Сәкен Майғазиев топтың серкесіне «Досыма» деген ән арнаған кезде туған күн иесінен бастап залдағылардың баршасы айрықша әсерге бөленді.
Ал тағы бір азамат әнші Беспаевқа құны геллендвагенмен пара-пар қымбат домбыра сыйлады. Мейрамбек құнды домбыра қолына тиісімен шебер саусақтарымен шертіп-шертіп кеп жіберді. Жиналғандар оның жаңа домбырасына «Құтты болсын!» айтып жатты.
Халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаевтың туған күніне орай оның жас кезіндегі экскюзив суреттері пайда болды.
Сонымен әнші Беспаевтың туған күні жоғарғы деңгейде өтті. Желідегі оқырмандары да туған күн иесін Қазақстанның түкпір-түкпірінен құттықтап, хаттарын жазып жатыр.