​«Нашақор мен алаяқтан басқасына...»: Әбдіжаппар Әлқожа қарызға ақша беретінін айтты

0
2 090

«Үш рет сұра, бермесе кешіріп жібер!»


​«Нашақор мен алаяқтан басқасына...»: Әбдіжаппар Әлқожа қарызға ақша беретінін айтты

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Инстаграм» парақшасында қарыз берудің және қарыз алудың шарттары жайлы сөз қозғады. Бұл туралы сұрақты оған жақында ғана «ZERO. Қарыз» фильмін түсірген әнші Бағлан Әбдірайымов қойды.


«Телефонымдағы банк шотынан қарасам, жылына 180 миллиондай табыс табады екенмін. Бір адамға қарыз ретінде берген ең үлкен ақшам 20 миллион теңге бопты. Ал қайырымдылық ретінде мешіт соққанымды көпшілік білетін шығар. Оған шамамен 20 миллион теңгедей қаржы кетті. Басқа қайырымдылық көмектерді айтпай-ақ қояйын. Қазір маған бірнеше адам 30 миллион теңгедей қарыз боп тұр.


Пайғамбарымыз «Сенің алдыңа біреу қарыз сұрап келсе, оны өзі келіп тұр деп ойлама. Оны Алла жіберіп тұр. Сен оған көмектескен сәттен бастап, саған үлкен сауап жазылады. Ол саған қарызын қайтарған сайын саған береке боп қайтады» дейді. Сондықтан біреу қарыз сұрап келсе, бетін қайтарғым келмейді. Жағдайы белгілі боп тұрады ғой өзі, нашақор, алаяқ болмаса, беруге болады.


Қарыздың пәтуасында «Біреуге бір жылғка қарызға ақша берсең, бір жылдан соң бір рет сұрау керек. Сосын қалаған уақытыңда екі рет сұрайсың» делінген. Үшеуінде де бермесе, алған ақшасын қайтараса, онда кешіріп жіберу керек. Шын мұсылман солай етуі тиіс. Қайта-қайта сұрай берсең, онда ақысы саған кіріп кетеді. Кешіріп жібер немесе «Ақыретке қойдым» десең, болды, ақыретте соның үстемесі саған сауап болып жазыдады», - деді Әбдіжаппар Әлқожа.


Өнер иесінің әлеуметтік желідегі оқырмандары бұл тақырыпқа қатысты өз пікірлерін білдірді.


«Бай болсам мен де осылай айтар едім», «Әбдіжаппар жайлы жаман сөз естімегем, мықты жігіт», «Дұрыс айтады, қарыз сұрап алдыңа келсе, шамаң жеткенше көмектес», «Сөзі басқа, ісі басқа, су тасқынына 100 мың теңге берген», «Маған қарыз бере тұршы», «Адамнан емес, Алладан сұраңдар, сонда бәлкім Әбдіжаппардың алдына жіберіп қалар», «Мына сөзден кейін қарыз алғандар қайтармайды ғой, неге айттың?» деп жазды көпшілік.