"Не мазақ бұл?": Дизайнер Аида Кауменова боксшы қызға тіккен киім үлгісі үшін сынға қалды

0
1 402

Белгілі дизайнер Аида Кауменова WBO World жарысына қатысып, үшінгі жекпе-жегін өткізген Анджелина Лукасқа арнайы қазақи нақыштағы киім үлгісін тігіп берген.


Алайда, көпшілік бұл киім үлгісіне қатысты теріс пікірін білдіруде. Себебі, киім үлгісі қазақи болғанымен ашық-шашық әрі қысқа етіп тігілген.

Мұны көрген оқырмандар әлеуметтік желіде қызу пікір жазуда.

"Қазақи нақыштағы киімді жалааңаш киім арқылы көрсету дұрыс емес", ""Қазақтың туын, сәукелесін қорламаңыз", ""Ұлттық киімдерді жалаңаш қызға кигізіп не мазақ бұл?", "Сәукеленің салмағын құнсыздатпаңыз!" деп жазды.

Желі қолданушыларының арасында "мұндай киім тіккені үшін жауапқа тарту керек" деп ашулана жазғандар да бар. Бірақ, дизайнер бұл сұрақтарға жауап бермеген.