Елордада Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аса ерекше мейрамхана ашылды. "Dears" деп аталатын мейрамханаға ең алғашқылардың бірі болып танымал журналист Асхат Садырбай қонақ болып қайтқан.
Ол Димаш жанкүйерлерінің атауымен ашылған ерекше орын жайлы өз ойын Instagram парақшасында жазған.
"Елордада Димаштың жанкүйерлерінің атауымен "Dears" рестораны ашылыпты. Астананың сол жағалауында орналасқан мейрамхана өте әдемі. Аспаздарының шеберлігіне де тәнті болдық. Қызметкерлері де сыпайы. Осыдан бірнеше күн бұрын барып, осының бәріне куә болып қайтқан едік. Сіздерге де баруға кеңес беремін. Кім біледі, мүмкін сол жерден әлем тамсанған Димашымыздың өзін де кездестіріп қаларсыз" , - деп жазды Асхат Садырбай.
Асхат Садырбайдың желіде жариялаған суретіне қарап, мейрамхана қабырғаларына Димаштың бейнеленгенін көруге болады.