«Мәдинаның уысына түскен балықта арман жоқ шығар»
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова күйеуінің арманын орындады. Ол алғаш рет күйеуімен бірге балық аулауға барып, салмағы 11 кило шығатын балық аулап алған. Бұл туралы өнер иесінің өзі «Инстаграм» парақшасында жеткізді.
«Еріңнің ебін тапсаң көңілің орнына түседі. Олжас балық аулағанды жақсы көреді. Осы жолы онымен балық аулауға еріп бардым, көрейін дедім. Өзіме де ұнады. Олжас өте бақытты болып жүрді. Оған осы нәрсе керек болған екен. Шын бақытты сезіну үшін көп нәрсе керек емес екен.
Бұл сапар «антигламур» болды. Әнуар да ерекше қуанышты болды.Ол әкесімен жиі балыққа шығатын. Ыстықта, суықта, аязда, палаткада, қамыстың ортасында. Ал мына жер керемет екен, барлық жағдайы жасалған. Шынымды айтсам, баяғыдай палаткада жатып, масаға таланып, әбіржігім келмейді», - деп демалысынан суреттер жүктеді Сәдуақасова.
Әншінің жазбасына тыңдармандары өз пікірлерін білдірді.
«Жолдасыңыз күле алады екен ғой. Шынымен ерекше бақытты болып жүр», «Күйеудің де көңілін тауып қою керек. Бірге барып дұрыс істепсіз», «Анау балық өте бақытты шығар, сіздің қолыңызға түскені үшін» деп жазды көпшілік.