​«Олар енді еркектерге бағынбайды»: Танымал коуч ер-азаматтарға ескерту жасады

0
1 502

«Өзін қорлаған еркектен кеткенде той жасайды»


​«Олар енді еркектерге бағынбайды»: Танымал коуч ер-азаматтарға ескерту жасады

Белгілі коуч, блогер, кәсіпкер Роза Әшірбаева ер-азаматтарға үндеу тастады. Ол ендігі жерде қыз-келіншектердің бұрынғыдай зорлық-зомбылыққа шыдап жүре бермейтінін айтты. Және ер-азаматтарды өз әйелдерін құрметтеуге шақырды.


«Әйел эмансипациясына, оның таңдау еркіндігі бар екеніне, еркектің айтқанымен енді жүрмейтініне үйренісе алмай жүрген ер-азаматтар көп. Мен оларды түсінемін. Бұл жаңа реальность, жаңа ережелер және бұл процесс енді тоқтамайды.


Әйел еркекке енді бағынбайды, түсінесіздер ме? Бұл мүмкін емес, өйткені білімді, еркін адам өз бостандығын біреудің қолына ұстатпайды. Әйелдің жетістігіне шын қуана алатын, жанашыр дос, мықты қорған, сырлас және мұңдас ер азаматқа ғана әйел өз еркімен мойынсұнады. Көкірегін қағып, «мен еркекпін» деп, әйелді төмендету арқылы өз «мықтылығын» көрсеткісі келетін еркектерден әйел енді кетуге қорықпайды», - деді Роза Әшірбаева.


Ол сондай-ақ, әлеуметтік желіде өзіне отбасылық мәселелерін айтып әйелдердің хат жазатынын жеткізді.


\«Өткенде бір келіншек «6 баламды алып, абъюзерден кеттім, урааа!» деп жазып жіберіпті. Әйел енді өзін қорлаған еркектен кеткенде той жасайды. Сондықтан енді ерлерге өзгеру керек. Әйел қорқып, таяқ жеп өмір сүргісі келмейді, ол енді тек қана өзін сыйлаған және бағалаған ер азаматқа мойынсұнғысы келеді», - деді белгілі коуч.