«Өлді деп өсек таратқандар өкпелемесінші!»: Саят Медеуов «қирап» жатып күлкіге қарық қылды

0
2 586

«Осы жолы Құдай тірі алып қалыпты»


«Өлді деп өсек таратқандар өкпелемесінші!»: Саят Медеуов «қирап» жатып күлкіге қарық қылды

Қазақтың қоңыр дауысты әншісі Саят Медеуовтің Алматы-Талдықорған тас жолының бойында ауыр жол апатына түскені туралы ақпаратты кейбір пабликтер «Қайтыс болды» деп жазыпты. Бұны естіген әнші Индира Расылханның жүрегі зырқ ете қалыпты. «Адамның өмірімен ойнауға болмайды!» дейді әнші.



Ал белгілі журналист Серік Әбікенұлы Саят бауырымен сөйлесіп, аман-есендігін, тіпті, «қирап» жатса да, күлкіге қарық қылғаны туралы айтты.

Жаңа Саят бауырыммен сөйлестім. Екі күн бұрынғыға қарағанда есін жинап, даусы ширапты. Әңгімеге шешен ғой, өз тілімен айтсам "қирап" жатып күлкіге қарық қылып жатыр. Тұла бойы тұнған позитив қой азаматтың. Өлді деп өсек таратқандар өкпелемесінші, осы жолы Құдай тірі алып қалыпты, - дейді. Ал саулығын тілеген ағайынға алғыс айтып, баршаның амандығын тілеп жатыр. Тез жазыл, Сәке! – деді Серік Әбікенұлы.

Әнші, термеші Тоқтар Серіков те Саят Медеуовтің жол апатынан кейінгі даусын естіп, алаңдаған ағайынға басу айтты.





Осыдан 1-2 күн бұрын әнші Ақбота Керімбекова да Саят Медеуов жатқан Талдықорғандағы ауруханаға барып, жеңгеймен сөйлесіп, «Ағамыздың жағдайы жақсы» деп видео жүктеген болатын. Желідегілер де өнер иесінің саулығын, амандығын тілеуде.