«Бірінші жұбатып алып, сосын ғана әлемге жеті тілде сұқбат берсеңіз де жарасар еді…»
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Хабар 24» арнасына сұхбат берді. Президенттің орыс тілінде берген сұхбатынан соң қазақ қоғамында «Неге қазақ тілінде бермеді?» деген сыңайдағы сауал қалып қойған сыңайлы. Өнер адамдары, шоу бизнес өкілдері, блогерлер аталған сұхбатты көріп, тыңдаған соң пікірін білдірді.
Белгілі қоғам қайраткері, абайтанушы ғалым, қоғам қайраткері Омар Жәлелұлы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында журналистің «Егер Президентпен кездессеңіз, не айтар едіңіз?» деген сауалына былай деп жауап берді:
«Елдің қамын айтар едім. Бір-ақ нәрсе айтар едім. «Таңертеңнен кешке дейін тек қана қазақша сөйлеңізші» деп. Өйткені, сізге бүкіл қазақ қарап отыр. Тіл оянса, тіл тірілсе, тіл күшіне енсе, бәрі қалпына келеді. Мағжан атамыз: «Кешегі айбынды атамыздан жалғыз мұра боп сен ғана қалдың. Қазақ тілі, сен қалдың!» дейді. Біздің бар айбынымыз, ата-бабамыздан жеткен жалғыз мұра – тіл. Тіл оянбай, қазақ оянбайды. Сондықтан, тілді ояту керек. Қазақта «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» деген жақсы сөз бар. Қазақтың тілі оянғанда, еліміз әлемнің ең үздік технологиялық мемлекетіне айналады. Мен оған 100 емес, 1000 пайыз кепілдік беремін. Өйткені, адамның қиялын шарықтататын – тіл», - деді Омар Жәлелұлы.
Танымал блогер, заңгер Айгүл Орынбек Қ.Тоқаевқа арнап жазба жариялады.
Ал продюсер Ләйлә Сұлтанқызы Президентіміздің мақтангершілікке жоқ екенін астын сызып көрсетті.