Әнші өзінің басынан өткен оқиғаны баяндайды.
Белгілі журналист Серік Аббас-Шах Instagram парақшасына танымал әнші Нұрлан Еспановтың әзіл айтып отырған сәтінен видео жүктеген. Өнер иесінің қалжыңына тәнті болған оқырмандар оның "өтірік әңгімені" Тазша баладан да жақсы айтатынын жазған.
Әнші өзінің басынан өткен оқиғаны "өтірікті шындай" етіп баяндайды. Ал жанындағы әріптестері әншіге шабыт беріп, қолқалап отыр. Арасында күлкісін тыя алмай отырғандары да кездеседі. Әлеуметтік желіге жүктелген сәттен бастап көпшіліктің қызығушылығын тудырған видеоны қазірдің өзінде 27966 адам тамашалап үлгерген.
"9 D"", "Тазша бала ғой мынау", "Тазша бала жолда қалды", "Өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай айтқандай болды ше маған", "Ақкөңіл, аңқылдақ ағамыз", "Қатырды, Нұрлан аға!", "Базар жоқ, әңгіменің түбін түсіреді екен", "Ішегім-ай!", "Нағыз өзбекше мақтау мен әңгімені қатырады екен! Ризамын!", "Құйрығы 25 метр түлкі көрдім дегендей ме!?", - деп желі қолданушылары түрлі пікір жазып қалдыруда.
Әзіл әңгіме айтқан әншінің айналасы өзінің достары секілді. Бір досы Нұрланның әңгімесін білдіртпей видеоға түсіріп алған.