​«Өзім білемін!»: Тележүргізуші Динара Сәтжан өзін сынағандарға осылай деп жауап берді

0
1 936

«Бәрін «қара тізімге» жіберемін»


​«Өзім білемін!»: Тележүргізуші Динара Сәтжан өзін сынағандарға осылай деп жауап берді

Отандық тележүргізуші Динара Сәтжан осыдан біраз уақыт бұрын өзінің "Ди шоу" атты авторлық бағдарламасында қонақ болған әлемдік әнші Эйконға, ресейлік әріптесі Ксения Собчакқа және әнші Вера Брежневаға қазақтың ұлттық шапанын сыйлап, көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. Ол өзінің «Инстаграм» парақшасында өзін сынаған оқырмандарына жауап берді.


«Қонақжайлылық – біздің ерекшелігіміз. Бұл біздің ДНҚ-мызда бар. Қазақтың даналығы «Қонағыңа шай беріп, шөлін қандырмай, шаруа туралы сұрама» дейді.


Содан кейін, мен қазақстандық киім өндірушімін. Менің дүкенімде отызға жуық отандық бренд бар. Мен Эйконға шапан сыйлағанда, көпшілік «Неге?» деп жазды. Кеше Вера Брежневаға әдемі шапан сыйлап едім, тағы да хейтті оқып жатырмын.


2019-жылы аяқ киім өндіру саласындағы атақты дизайнер Джимми Чуға шапан кигіздім. Ол бәлкім бұл шапанды кимейтін шығар, бірақ біздің елімізді және мені есінде сақтап қалғанына сенімдімін. Ал Эйкон мен тарту еткен шапанмен өз концертінде өнер көрсетті.


Сіздерде бәрі жақсы ма? Немесе сіз қазақ емессіз бе? Ат мінгізіп, шапан жабу – бұл біздің салтымыз. Мен қазақ тілін жетік білмеуім мүмкін, бірақ, мен қазақпын! Қаным – қазақ, иісім – қазақ! Кімге, қашан шапан сыйлайтынымды өзім шешемін. Сізге ұнаса да, ұнамаса да мен бәрібір ұлттық шапанымызды сыйға тартамын. Бұл ниетімді сынап-мінеп жатқандардың бәрін «қара тізімге» жіберемін» деп жазды Динара Сәтжан.


Тележүргізушінің оқырмандары бұған байланысты өз ойларын білдірді. «Вера Брежневаға керемет шщапан сыйладыңыз!», «Ит – үреді, керуен – көшеді, Динара, алға!», «Олар бәлкім бұл шапанды кимейтін шығар, бірақ біздің елімізді, шапанымызды мәңгі есте сақтайтын болады, сіз дұрыс істеп жатсыз», «Қаным – қазақ» деп жақсы айттыңыз, осылай-осылай ана тіліңізде де керемет сөйлеп кетсеңіз» деп жазды көпшілік.