"Өзіңнен аумайды екен": Алтынай Жорабаева күйеуінің отбасын көрсетті

0
1 598

Әнші Алтынай Жорабаева күйеуі және оның ағайындарымен түскен суретімен әлеуметтік желіде бөлісті.


Оның айтуынша, күйеуі Алишер үйдің үлкені. Одан кейін 3 інісі мен 1 қарындасы бар. Бірнеше суреттің ішінен қайынсіңлісімен түскен суретін көрген оқырмандар оны әншінің өзіне ұқсатты.


"Міне, Алланың қалауымен осындай отбасымыз" деп жазды ол.



"Қайынсіңіліңіз өзіңізден аумайды екен", "Қатты ұқсайсыздар" деп жазды оқырмандар. Сондай-ақ, келінінің атын орысшалап "Айгуля, Аселя" деп жазғанын да сынап алды. "Айгүл, Әсел" шығар, қазақ тілін құрметтеу керек" деп жазды желі қолданушылары.