​«Патырлатып туа беруді қойыңдар!»: Белгілі блогер көпбалалы аналарға ақыл айтты

0
1 319

«Әйелдерін өлтіріп тастап жатыр»


​«Патырлатып туа беруді қойыңдар!»: Белгілі блогер көпбалалы аналарға ақыл айтты

Әлеуметтік желіде отбасылық мәселелер бойынша коуч ретінде танылған тренер, блогер Роза Әшірбаева көпбалалы аналарға ақыл айтты.


«Патырлатып туа беруді қойыңдаршы! Бір күні болмаса, бір күні еркекгің «Тоқал алам, кетем» деп кетсе, ол алимент төлемейді. Қай жақтарыңа сеніп туасыңдар?! Еркегіңе сенесің бе? Көріп отырсыңдар ғой жағдайды, әйелдерін өлтіріп тастап жатыр ғой.


22 миллиард, өзің ойлашы, еркектер балаларына 22 миллирд теңге қарыз екен. Қаншама еркек алимент төлемей қашып жүр. Сонда қаншама әйел жалғыз өзі балаларын асырап жүр. Бұл кедейлік қой, кәдімгі кедейлік!


Мектептің жағдайы анау, елде мектеп жетіспейді. Баласы жоқтар, сенбесеңдер барып көріңдер, бала сыймай жатыр. Үш ауысыммен оқып жатыр. Ертең сен бала тусаң, балаң қайда барып оқиды?! Сондықтан «байым асырайды» деп туа бермеңдер. «Любой момент» байсыз қалуың мүмкін. Ойланыңдар!» деді Роза Әшірбаева.


Блогердің бұл ақылы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.


«Туамыз, несі бар? Әр баланың өз несі бар. Олай оттамасын! Жеті бала тудым, аштан өліп, көштен қалып жатқанымыз жоқ. Мектеп, садик, бәрінде орын жетеді», «Өзі еркегінен еш жылулық көрмеген әйел-ау», «Шынын айтып отыр, дұрыс, сөзінің жаны бар», «Ешкім баланы күйеуі үшін тумайды», «Саған ауыр-жеңілі бар ма, әлде жалғызбасты әйелдерді асырап отырсың ба? Ақыл айтудың да жөні бар», «Ащы шындықты айтты, баланы патырлатып туып алып асырай алмай, қарызға тамақ әперіп жүрген әйелдер өте көп», «Көрінгеннің бәрі ақыл айтқыш боп кетті» деп жазды көпшілік.