​«Пранктің қандай болатынын көрсетейін»: Актер Жүсіп Ақшора блогер келінін жылатып қойды

0
2 752

«Енді атама «ответка» қайтаруым керек»


​«Пранктің қандай болатынын көрсетейін»: Актер Жүсіп Ақшора блогер келінін жылатып қойды

Желіде отбасылық әзіл видео түсіріп, танымал болған блогер Динара Сайлаубайқызын қайынатасы Жүсіп Ақшора жылатып қойды.


«Келінім маған пранк жасап еді, енді мен оған пранктің қандай екенін көрсетейін» деп жазды актер.


Ол асүйде шай қойып, дастархан жасап жүрген келініне бас салып ұрысып тастайды. «Шайың неге қайнамай кетті? Қашан қайнайды, тасбақаға жүн шыққанда ма? Осы, келін, айналайын, блогерлікті қойшы! Ығырымыз шығып кетті. Бір емес, екі емес, күніге сол, адамды шаршатып... Елдің әңгімесі анау, артымыздан неше түрлі сөз айтып жатыр. Өзің «қатырамын, әдемі болады» деп айтып едің, енді бөтен біреулердің әңгімесін есітіп жүрміз!» деп қатты ашуланған кейіп танытады. Атасынан мұндай сөзді күтпеген блогер-келін тап сол сәтте көзіне жас алып, жылап қалды. Кейін Жүсіп Ақшора мұның пранк екенін айтып, келінінің алдында билеп жібереді.


«Жүрегім қатты соғып, жылап жібердім ғой. Атам бұрын бұлай ұрыспаған ғой, әлі жаман болып жүрмін. Атамның маған пранк жасап тұрғанын білсем, мен де ойнатып жіберер едім. «Ответкасы» қатты болды, шын сеніп қалдым. Енді мен атама қандай «ответка» бергенім дұрыс? Білдірмей қандай пранк жасасам екен, идея болса айта отырыңыздар» деді Жүсіп Ақшораның келіні.