​«Президенттің алдында позор болдық»: Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева не бүлдірді?

0
1 161

«Әпитөк» пен «Ақтамақты» айта алмай қалдық»


​«Президенттің алдында позор болдық»: Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева не бүлдірді?

«Арнау» тобының әншілері Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева бірінші Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында өнер көрсетіп, ұятқа қалғандарын айтып берді.


«Ол кезде біз продюсермен жұмыс жасайтынбыз. «Алматы концерт» ұжымымен. Сол кісілердің ұйымдастыруымен Астана қаласына ұшып барып, бірнеше әртіс Президенттің алдында, кешкі ас үстінде ән айтуымыз керек болды. "Президенттің жақсы көретін әндерін «Арнау» тобы боп айтасыңдар" деп талап қойды. «Ақтамақ» және «Әпитөк» деген әндер еді. Бұрын соңды естімеген, айтпаған әніміз, бір түн ішінде сөзін жаттап, ұшақта отырып та дайындалып, «вроде» дайынбыз деп бардық.


Алдымен өз әндерімізді айттық. Соңынан «любимый» әндерге кезек келді. Сол сәтте Салтанат «на-на-на» деп бастады ғой. Оодан кейін мен «потеря» боп қосылдым. Сонымен Президенттің сүйікті әнін соңына дейін «на-на-намен» аяқтап шықтық. Бір қызығы, ешкім бізге күлмеді. Содан кейін Президенттің алдында «Арнау» боп ән айтпадық-ау» деп күлді Нұржан Керменбаев.


«Позор» деп бізді сөкпеңіздер, өмір болған соң бәрі болады. Бұл да біз үшін ностальгия боп есте қалды» деп Салтанат Бақаева әріптесін қолдай кетті.


«Арнаудың» тыңдармандары бұл оқиғаны әзілге бұрып әкетті. «Президент те сіздерді есіне ерекше сақтап қалған шығар», «Иә, менің есімде. Одан бері 12 жылдай уақыт өтіп кетті», «Сол видеоны тауып салсаңыздар жақсы болар еді», «Адам болғасын ондай-ондай қателіктер болады ғой, Үлкен кісінің мысы басқан шығар», «Ұят-ай, жауапкершілік қайда, өздерін ел-жұртқа мазақ қылып, күліп отыр» деп жазды көпшілік.