"Ол жақта бәрі сатулы ғой, неге маған айтпадың?" деп налыдым", - дейді құрбысы Айнұр Асанберді.
Танымал журналист Жанар Байсемізова "Тұмар" ұлттық бәйгесіндегі әділетсіздік туралы жазып, дат айтқан болатын.
Оның бұл жазбасын әріптестері де қолдап жатыр. Солардың бірі - Ертай Нүсіпжанов. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына "Осындай дат айтылса, көбінде жүлде, марапатқа дәмелі екен деген ой қалатыны жаман. "Айтпаса сөз атасы өледі" деген. Әр саладағы былықты айтсаң құр сөз деп қабылдайды. ісімен, біліктілігімен дәлелдей жүріп айтқан Жанардың сөзі әбден орынды. Ақтарып айтудың реті келсе тосылып қалмаймыз. Ел - бізге керек..." деп жазды.
Ал Жанар Байсемізованың құрбысы, әрі тележурналист Айнұр Асанберді "Жако сенің жобаң просто Тұмардың форматынан жоғары. И так танымал енді оған марапат беріп қойса совсем популярный боп кетеді деп қорыққан ғой. "Тұмарға" қатысқан бірде-бір бағдарламаны көрмейді екенбіз" деген пікір білдіріп, негізі сатып алуға да шамалары барын айтқан.