​«Шок болдым, боқтадым, нервім басыма шықты»: Ерке Есмахан өзін айыптағандарға жауап берді

0
6 225

«Әншілер ақша беруге міндетті емес»


​«Шок болдым, боқтадым, нервім басыма шықты»: Ерке Есмахан өзін айыптағандарға жауап берді

Әнші Ерке Есмахан өзін «Су тасқынына көмекке небәрі 200 мың теңге аударды» деп жазған желі белсенділеріне жауап берді. Ол елге жария етпей, бас-аяғы 6 миллион теңге аударғанын айтып, ақталды.


«Екі-үш күн бұрын жиналған әншілердің сборының тізімінде қырғын адам тұр. Соның ішінен Ерке Есмахан 200 мың берді дегенді көріп, дәл соны жаңалық етіп, интернетке шығарыпты. «Ұят! 200 мың теңге ғана беріпті» деп шулап жатыр екен. Неге мен, үнемі мені ғана ел сөз етеді осы.


Енді сіздер «Ұят!» деп отырған 200 мыңға дейін қаншама көмек кетті бізден. Бұл су тасқынының басталғанына 20 күндей болды ғой. Алдымен өз жеріміз Орал, Ақтөбедегі бірінші туыс, танысқа көмектестік. Қаншама отбасына ақшалай аударым жасалды. Одан бөлек көптеген қорларға ақша жібердік.


Сол ақшаның бәрінің есебін шығарып, күйеуіме ренжіп отырмын. Бөліп-бөліп бергеннің өзінде үлкен сомма шықты. Одан да сол бөлмей шыққан 6 миллионды бір аудару керек еді. «Дұрыс жасамадық, ауыз толтырып айтатын сомма болар еді» деп ренжідім. Ал күйеуім әдеттегідей «Алла білсе болды, адамдар сөйлей береді. Жайбарақат отыра берші» дейді. Әйел адамбыз ғой, қалай жайбарақат отырамыз», - деп ренішін білдірді өнер иесі.


Ол сондай-ақ өнер адамдарының ақша жинауға міндетті еместігін алға тартты.


«Мені қоя берсін, жасы үлкен әншілердің берген ақшасына риза болмай, қарғап жатыр ғой. Құдай үшін, артық сөзден аулақ болыңыздаршы. Ол кісілер беруге міндетті емес, олар мемлекет емес. Ниеттеріне қанағат етсеңіздерші.


Әлі де қауіп көп. Мысалыға, Оралға тіпті үлкен су келеді дейді. Құдай сақтасын, папа-мамамыз заттарды жинап, дайын отыр. Оларды уайымдап мен отырмын. Күйеуім Оралда жүр. Жағдай әлі жақсармады. Әлі де көмегімізді аямаймыз.


Бір қызық әңгіме айтайын. Бір отбасыға тұрақты түрде көмек беріп тұратынмын. Көпбалалы отбасы. Азық-түлік, киім-кешек, ет берем. Апта сайын мешітте қой соямыз ғой, 4 бөлікке бөліп, мешітке және керек отбасыларға жібереміз. Дәл солай жаңағы отбасыға тағы ет жібердім. Бір кезде әйелі хат жазып жіберіпті. «Қойдың етін енді жібермеңізші, жей алмаймыз уже. Жылқының еті болса, беріңіз» деп. Шок боп, шалқамнан түсіп, боқтап, нервімнің басыма шапқаны есімде. Сондықтан, көмектессің де жақсыатты болуың екіталай», - деп түсіндірді Ерке Есмахан.


Еркені жел қолданушыларының «200 мың берді» деп сөз етуіне оның таяуда ғана 12 миллион теңгеге бренд сөмке сатып алғаны да себеп болған.


«Мына сөмке бәле болды. Біреуге бірдеңе бермесең, көмектеспей қалсаң немесе аз берсең, осы сөмкені айтып шығады. Су тасқыны біткен соң өшімді осы мөскеден алам. Езіп-езіп, лақтырып, бауға да, тауға да осыны ұстамасам», - деп әңгімесін әзілмен аяқтады елдің Ерке әншісі.