​«Сиыр болсам, баяғыда ет комбинатына өтіп кетер едім»: Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі өмірі жайлы айтып берді

0
5 638

«Сүтімнің құнары жоқ, көк су»


​«Сиыр болсам, баяғыда ет комбинатына өтіп кетер едім»: Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі өмірі жайлы айтып берді

Таяуда ғана бесінші қызын дүниеге әкелген әнші Алтынай Жорабаева қырық күндік шілдесінен соң алғаш рет сыртқа шығып, жолдасымен базар аралағанын айтты.


«Бүгін қала көріп, дала көріп, базар көріп келе жатырмыз. Амина қызым үйде қалды. Жаным, әйтеуір омырауды да алады, қосымша сүтті де іше береді. Ол жағынан кірпияз емес. Маған ұқсаған сияқты, бірақ әкесі де тамақ таңдамайды. Ол жағы бір керемет» деді әнші.


Ол сондай-ақ, оқырмандарының айтуымен базардан тары, талқан алғанын айтты.


«Салмақ деген Аллаға шүкір енді. Ештеңе етпес, арықтап алам ғой. Білмеймін, сиыр болсам баяғыда «мясокомбинатқа» өткізіп жіберер еді мені. Адам боп жаным қалып жүр екен. Сүтім аз, үлкен қыздарымда да солай болған. Үлкенім 8 айлығында омырауды ембей қойды. Ол кезде сүтім құнарсыз, көк су болатын. Қосымша сүтке де тәбеттері жақсы болды. Осы балада қатты армандадым, жұрттар баласын емірене емізіп отырса қызығып қараушы едім. Қызым сол бақытқа жеткізді. Емізгенде рахаттанып отырам» деді Алтынай Жорабаева.