«Сөмкесін Италиядан, туфлиін Дубайдан алдырдық»: Гүлзира Айдарбекова кіші ұлын үйлендірді

0
2 371

Қалың малына 10 мың доллар берді


«Сөмкесін Италиядан, туфлиін Дубайдан алдырдық»: Гүлзира Айдарбекова кіші ұлын үйлендірді

Бүгін Айдарбековтер әулетінде беташар той. Қайрат Нұртастың кіші інісі Заңғар Шымкенттің Индира Мәулен есімді аруына үйленді.


Бір «Газель» тоғызын апарған Гүлзира Айдарбекова құдалықтың қызығын өзінің «Инстаграм» парақшасында көрсетіп отырды. Қыздың қалың малына 10 мың доллар, «Ана сүтіне» 500 мың теңге, «Әке күшіне» 500 мың теңге берді. Құда-құдағидың туыс-туғандарының бәріне алтын таратты. Ал жаңа келінге бір сандық бренд киімдер апарып, көпшілікті таң-тамаша етті.


«Заңғар үйленемін дегеннен кейін, бірден құдалыққа дайындалдық. Дубайдан бастап, Европаны шарлап ең тәуір дүниелерді сатып алдық. Келінім қымбат брендттен ғана киінетін болады. Мысалы, Дубайдан бренд туфлиін сатып алдым. Италиядан сөмкесін алдық. Жастардың стилін де ескеріп, соңғы үлгідегі сырт киімдерін де ұмытпадым. Қазақта «есік көрсету» деген салт бар. Тіпті, соған киетін көйлектеріне дейін алып келдім. Өзім секілді патшайым болып жүрсін деген ниетпен асыл тастармен көмкерген көйлек тіктірдім, бірақ оның салмағы 5 келі болады. Киіп жүру де оңай емес» деді Гүлзира ханым.



Жас келіннің ұзату тойына Қайрат Нұртас, інісі Аян мен келіні Әйгерім құда боп барды. Эстрада жұлдызы құдалардың тойында әннен шашу шашты. Алайда әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова той төрінен көрінбеді.


Айта кетейік, Заңғар Нұртас екінші рет үйленіп отыр. Ол бұған дейін Жібек есімді арумен бас қосып, кейіннен ажырасып кеткен еді.