Желіге өнер иесінің қызы Алуамен билеген видеосы тарады.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Танымал әнші Қайрат Нұртас қызы Алаумен видео түсіріп, қызу талқыға түсті, деп жазады stan.kz.
Кадрда әнші билеп жатып, қызының мойнынан тіліп жібергендей қимыл жасайды. Қызы жерге құлайды. Әнші камераға жұдырығын көрсетеді. Оқырманға бұл көрініс қызының “тамағын тіліп жібергендей” әсер қалдырды.
Көпшілік биді жауыздықты насихаттайды деп сынап жатыр.
“Тамағын кесіп жібергендей болды”, “Баламен неге бұлай билейді?!”, “Қайрат билегенше балаларына үй алып бермей ме”, “Екеуінің де харизмасы күшті”, “Қызының тамағына қол жүгірткені болмады”, “Музыкадан қылыштың даусы естілді”, – деп жазды көпшілік.