Әр сөзін әзілмен көмкеріп, жүрген жерін күлкіге қарық ететін Қанат Әлжаппаров үйіне тек таңертең ғана келеді екен. Бұл туралы оның жары Нұргүл "Mamile" бағдарламасында айтқан.
Бағдарлама шарты бойынша әйелі күйеуіне кез келген сұрақтарды қоя алады. Өзінің сұрақтарына жауап алып отырған Нұргүл Құдайбергенова сөз арасында күйеуінен "Таңертең келуді қашан қоятынын сұрайды". Әзілкеш бұл сұрақты күтпей қалса керек-ті. Өйткені алғашында тосылып қалып, сосын әзілмен жауап қатады.
"Кешке қоямын" деп күлген ол қазір жасы келгендіктен ондай әдетін қойып келе жатқанын айтады. Өйткені қазір 2000 жылдан бертінде туған жастармен жағаласқысы келмейді екен.
Бағдарламаны көрген желі қолданушылары олардың шынайылығы мен қарапайымдылығына тәнті болған. Сондай-ақ сөз арасында Қанаттың көрермен білмейтін тұстарын байқап, ол қылықтарында сөзбен түйреп өткен.
Десе де екі жұпқа "Әлі бала сияқтысыңдар. Шынайы өтірік жоқ. Балаларыңның қызығын көріңдер", "Күшті. Көңілді өтті. Қанат көп қалжыңдары Нұргүлден алатын сияқты болды.Музасы Нұргүл шығар. Шынайы өтті. Бақытты болыңдар. Нұргүл де қалжыңбас екен" дегендей жағымды пікірлерді көптеп қалдырған.