​Танымал айтыскер нумерология іліміне қатысты​ ҚМДБ-нан пəтуа айтуды сұрады

0
3 202

​Танымал айтыскер ақын Мұхтар Ниязов ҚМДБ-нан қазіргі таңда кең үрдіс алған нумерология іліміне қатысты​ фəтуа айтуды сұрады.


​Танымал айтыскер нумерология іліміне қатысты​ ҚМДБ-нан пəтуа айтуды сұрады

Танымал айтыскер ақын Мұхтар Ниязов ҚМДБ-нан қазіргі таңда кең үрдіс алған нумерология іліміне қатысты фəтуа айтуды сұрады.

Ол өзінің парақшасына: "Нəжістің не де болса бір құпиясы бар, əйтпесе миллион шыбынның қателесуі мүмкін емес қой". Авторын ұмыттым, бірақ өткенде бір жерден осы мағынада бір аударма оқығанмын. Нумерология деген бəлеге сенетін адамдар осылай ойлайтындай көрінеді маған. Алланың тағдырын əлдебір заттармен белгілеп, елдің миын қатырып, қаншама адамды тірі ауыш қылып отырған ханшайымдар туралы не білесіздер? Оразада үндемейін-ақ десең де үдеп барады. Халықтың ақшаға деген мұқтаждығын Аллаға деген сенімін былғау арқылы қол жеткізуге үгіттеу қаншалықты əділетті? "Діннің қатысы жоқ" деп қойып, əрі қарай жалғастыра берсе, шынымен қатысы жоқ болып кетеді деп ойлап жүр-ау. Меніңше ҚМДБ бұған қатысты қандай да бір мəлімет, фəтуа беру керек, əйтпесе мына "сүйікті ханымдарымыз" небір жолдармен елді шатастыру үстінде. Сонымен нумерологияға кім сенеді, осымен байып, бармағы балдан құрғамай отырған кімдер бар? Пікір қалдырсаңыздар", - деп жазды.


Ақынның жазбасын оқыған желі қолдаушыларыныі бірі: "Дұрыс жаздыңыз, кім айтар екен деп жүр едім. Адамдар депрессияға түскенде, амалы таусылғанда сенгіш болады, соңғы мүмкіндік деп неше түрлі тренингке жармасып жатыр ғой. Дипломдары бар псиxолог болса мейлі, фен-шуйдан, нумерологтардың айтқанынан жинап, көп қыздардың бастарын айналдырып жатыр. Әрине, әркім өзі біледі кімге, неге сенерін, бірақ осы ғасырдың індетіне айналып бара жатыр осы проблема. Аллаға ғана қол жайған мұсылмандар едік...", - деп пікір білдірген.

Қалған оқырмандар да ақынның ойын құптайтындықтарын жеткізіп, халықты өтірік дүние үшін ақша шашпауға, Алланың әміріне қарсы келмеуге шақырды.

Фото: @mukhtar_niyaz

ERNUR.KZ