"Өз басым аса мән бермедім" , - дейді айтыскер.
Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова қайырымдылық қорын ашты. Осы арқылы ол елдегі мұқтаж жандарға көмектесіп, қолдау білдірмек. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
Сара Тоқтамысова: "Ал, БИСМИЛЛЯХ деп "Жан сарайы" атты қайырымдылық қорымыздың ашылғанын ресми түрде жариялап қояйын !
Осыдан 4-5 ай бұрын бұл бастаманы жолдасым қолға алған еді. Өз басым аса мән бермедім. Себебі, қазір ашылып жатқан қайырымдылық қорлар аз емес, оның үстіне жүгі ауыр, оның ресми құжатын да реттеу оңай емес деген секілді ойлар көлденеңдеп тұрып алды...
Сенесіздер ме, Күніне Дайректтің( жекеге) өзіне қаншама хаттар келеді. “Көмек қолын созыңыздаршы “- деп көз жасын көл қып жазылған хаттарды оқуға тіпті жүрегің дауаламайды... Оның ішінде шынымен дәлелі бар дұрысы да бар, өтірік біреудің атын жамылып отырған парақшалар да бар ...
Өздеріңізде білесіздер, мен үлкен компанияны басқарып отырған адам емеспін, Тіреп тұрған Көке, Жәкем жоқ.
Әйтеуір, ел алдында жүргесін азды-көпті жақсы дүниелерге себепкер болып , қолымыздан келгенінше қол ұшын созып , жақсылыққа мұрындық болып жүрсек деген ой ғой..
Жолдасымның бастамасы болғасын, неге қолдамасқа. Ол өзі бір нәрсені жеті рет өлшеп, бір рет кесетін адам!
Әрине бір ғана адам емес , Бұл бір топ қыз-жігіттердің идеясы!
Ақылдастық, ойландық, сараптадық !
Осы ойымды айналада жүрген біраз жақындарыммен бөліскенімде, көбі қолдау білдіріп өте жақсы бастама екенін айтты...
Бауырларым, Сіңлілерім қолдайтынын айтып көңілімізді көтеріп қойды..
Көз алдыларыңызда есеп беріп, көрсетіліп отыратын болады!".
Айтыскердің бұл жаңалығын естігендер қолдап, қуат беріп жатыр. Бірақ арасында "Сара ақын ,неге халықтан сүрай бересіңдер? Турасын айтып мемлекеттен халықтың жағдайын жақсартуды айту керек ( мейлі білсе де , оларға бәрібір .ОСЫЛАЙ БИЛІКТІ ЖАМАН ҮЙРЕТІП ОТЫРСЫҢДАР ар жағын тұсінсеңдер әншілер ,ақындар, блогерлар кәзіргі)" деп өкпе-наздарын да айтқандар бар.