Димашпен бірге сазгер Игорь Крутой және мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Аделина Сотникова да қонақ болған.
Димаш Құдайберген Ресейдің «Бірінші арнасының» «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысты. Әншінің қатысуымен болған шығарылым эфирге 31 қазан күні шыққан. Димаш бағдарлама кезінде кеш жүргізушісі, шоу-мен Иван Ургантқа шапан жапқан.
Димашпен бірге сазгер Игорь Крутой және мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Аделина Сотникова да қонақта болды. Димаш және Аделина композитордың 65 жылдық мерейтойына арналған үлкен концерттердің қатысушылары.
Желі оқырмандары бағдарламада Димашқа аз уақыт берілгені әрі оның ән салмағынына реніштерін білдірді. Олар: "Осындай кермет жандарды қонаққа шықырғандарыңыз үшін рахмет. Бірақ, тағы да, тек Димашпен ғана бағдарлама жасауларыңызды сұраймыз. Оның әнін де тыңдағымыз келеді", "Димаш үшін уақыт бөлген жоқ. Осы бағдарламаны қатты күткен едім", "Димашты жеке шақыру керек еді...", - деген пікірлер қалдырды.