​«Зәкең оныншы қабатқа шыға алмайтын»: Мақпал Жүнісова жастық шағын еске алды

0
6 280

«Мерейдің бетіне түкірмеген адам қалмапты ғой»


​«Зәкең оныншы қабатқа шыға алмайтын»: Мақпал Жүнісова жастық шағын еске алды


Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің «Инстаграм» парақшасына қызы Мерейдің шілдехана тойынан видео жүктеп, көпшілікке көрсетті. «Естеліктерден үзінділер. Тарановскийге таныстырып отырмын. Менде сақталып қалған БТКАМ форматынан ХАРД форматына көшіру басталды» деп жазды ол.


Видеодан Мақпалдың Тарановский деген бір кісіге жастық шағынан естеліктер айтып отырғанын естуге болады. «Бірінші зам. Серік Сұлтанғалиев, мені далада көріп қалып, тоқтап, әңгімеге тартты. Ол кезде мен кинотеатрдан келе жатқам, «Сіз жатақханада тұрасыз ба не?» деп сұрады. «Менің бастығыма жолықсаңызшы, ол сізге бірден үй береді» деді сосын. Ал мен үй кезегіне бірінші боп тұрып қойғам. Осылайша олар маған оныншы қабаттан үй берді. Бірақ кейін ол пәтер өздеріне проблема болды. Себебі оныншы этажға гүл тасу оңай емес. Зәкеңнің өзі төбеге көтерілмейді. «Кездесуге келіп тұр, шығыңызшы» деп адамдары үгіттейді. «Мен шыға алмайм» деп беттерін қайтарам. Ақырында ол бір бөлмелі пәтерді өздеріне бердім де, маған бесінші қабаттан жаңа пәтер берді» деді Мақпал.


Әншінің бұл естелігіне оқырмандары түрлі пікір қалдырған. «Заманбекті арқасында аспанда ұшып жүрдің бе? Тез ұшып түстің!», «Өмірде ажырасқан жалғыз Нұрқаділов, екінші әйел тек қана Мақпал болғандай сөйлейтіндерге таңмын. Мақпал Зәкеңнен бұрын да Мақпал боп, елдің сүйіктісіне айналған, әлі де солай бола береді», «Сынақты да, сынды да бір өзі көтере білген мықты әйел, Мерейіңіздің қызықшылығын көріңіз», «Бұндай жақсы естеліктермен бөлісу де қорқынышты қазір. Адамдардың ниеті өзгеріп кеткен. Алла ұзақ ғұмыр берсін сізге, аман болыңыз», «Мына тойда Мерейге түкірмеген адам қалмапты ғой» деп жазды көпшілік.