«Жабайы фанатизм»: Әнші Садраддинді «аямаған» елордалықтар қызу талқыға түсті

0
1 499

«Шашынан ұстап, жұлып…»


«Жабайы фанатизм»: Әнші Садраддинді «аямаған» елордалықтар қызу талқыға түсті

Желіде жас әнші Садраддин Болаттың Нұр-Сұлтанның Хан Шатыр ойын-сауық кешенінде ән айтып, сыртқа беттеген видеосы пайда болды. Бұл видеоны журналист Ерқанат Көпжасар инстаграм парақшасында бөлісті. Онда жиналғандардың әншінің шашынан ұстап, жұлып жатқанын көруге болады.



Желідегілер осындай әрекетке барған адамдарға ашуланып қалды.


«Масқара, көргенсіздік қой мынау?!», «Санасыз тобыр деген осы», «Қала халқынан ауыл адамдары әлдеқайда мәдениетті», «Жабайылар», «Басын жұлып қолына ұстатардай», «Сөз жоқ», «Мәдениеттіміз деп жер тебетіндер қайда?!» деп жазуда желідегі жұрт.