Жігер Ауыпбаев екінші рет шаңырақ көтерді

0
142

Әлеуметтік желіде өнер иесінің тойынан видео тарады.


Жігер Ауыпбаев екінші рет шаңырақ көтерді

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Танымал әнші Жігер Ауыпбаев шаңырақ көтерді, деп жазады stan.kz.

“Мен үшін маңызды күн. Менің парақшамнан алыстамаңыздар! Тойдың қызық сәттерін салып отырамын”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.

“Екі жас бақытты болсын!”, “Қалаулымға келген қыз Роза екен”, “Мұса шын ғашық болып еді”, “Жігер, жігіттің сұлтаны, екінші рет көтерген шаңырағы құтты болсын”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, өнер иесі екінші рет үйленді.

“Менің басымнан не өтпеді. Біраз нәрсе өтті. Негізі отбасылы болғанмын. Бірақ уақыт өте келе мінезіміз, мүмкін көңіліміз де жараспай, екі жаққа кеткен болатынбыз. Қазір басым бос. Жүрегіңнің бос болғаны қандай жақсы деп жүрміз. Бірақ кейін көңілді де алдау үшін адам іздейсің ғой. "Адамға да адам керек" демекші, қасыңнан табылатын, ішкі жан дүниеңді түсінетін, сөзімен қуаттап отыратын адам керек. Күйзеліске түсіп кетпеудің жолын іздеп, сондай кезеңдерде танысып, табысып, сөйлесіп жүрдім. Ол кісімен қарым-қатынасымыз әлі де жалғасып жатыр. Арты жақсы болсын”, – деген еді әнші.