Жігер Ауыпбаевтың үйленгені пранк болып шықты

0
133

Өнер иесі жақын достарын бейнебаянының тұсаукесеріне шақырған.


Жігер Ауыпбаевтың үйленгені пранк болып шықты

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Танымал әнші Жігер Ауыпбаевтың үйленгені пранк болып шықты, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі жақын достарын бейнебаянының тұсаукесеріне шақырған.

“Жігертай мұның қалай болды?! Ұсталмай жүр едім, ақыры ұсталдым ғой. Бақытты бол енді. Бет ашамын деп ойламадым. Залға сәл кешігіп келдім. Той өлеңсіз болмайды. 1-2 әнімді дайындап отырғанмын. Су ішіп тұрғанда менің атымды айтып жатыр екен. Беташарға 22 мың теңгемді салдым. Қалғанын той шашуға берермін деп ойладым. Бір кезде маған бет ашқызды. Ашып қалғанда өзім де шошып кеттім. Ақ адам табылмады дедім. Өзім де ештеңені ұқпай тұрдым”, – деді Нұрлан Еспанов.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің әс-әрекетін сынап жатыр.

“Ана қара қыз осындай рөлге намыстанбаған ба?!”, “Сау адамның тамағын іщіп, ауру адамның тірлігін жасапты”, “Келінді Қызылордадан алдым дей ме?!”, “Шын үйленгенде ешкім келмейді”, “Нұрлан ағамыздың түрі қашып кетті”, “Еріккендер есіріп кетті”, “Жігіттер, мына қылықтарың жарамады. Африкалық қызға күліп жатыр. Оның орнында жігіт болғанда басқаша болатын еді. Ұлттарды кемсіту болды”, – деп жазды көпшілік.